жексенбі, 7 маусым, 2026 15:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Менің қызымды білсеңіздер, маған да айтып жіберіңіздерші": Димаш тікелей эфирде сұхбат берді

"Менің қызымды білсеңіздер, маған да айтып жіберіңіздерші": Димаш тікелей эфирде сұхбат берді
әлеуметтік желі
Оған жеке өміріне қатысты түрлі қауесеттер жиі айтылады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы тікелей эфир кезінде жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Өнер иесі досы әрі әріптесі Расул Усмановпен бірге өткізген эфир барысында оқырмандардың бірі оның «қызы» туралы сұрақ қойған. Әншінің жауабы көпшілікті таңғалдырды.

– «Не? Қызымның атын қалай қойғанымды сұрап тұрсыз ба? Егер менің қызымды білсеңіздер, маған да айтып жіберіңіздерші, өзіме де қызық, оның қайдан пайда болғаны», – деп әзілмен жауап берді Димаш.

Әншінің айтуынша, оған жеке өміріне қатысты түрлі қауесеттер жиі айтылады. Кейбір жанкүйерлер оның отбасы мен балалары бар деп ойласа, енді біреулері тіпті бірнеше әйелі бар деген пікір таратады.

– «Неге екенін білмеймін, адамдар менің балаларым, отбасым бар деп ойлайды. Кейбірі тіпті бірнеше әйелім бар дейді», – деді ол.

Димаш қазіргі уақытта үйленбегенін және уақытын негізінен шығармашылыққа арнайтынын айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар