Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал шлюзінен қыздың мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 маусым күні кешке ауыл тұрғындарының бірі канал шлюзінен қыздың денесі табылғаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 2 маусым күні кешке үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу және күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін мәлімдеді.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан кісі өлтірудің мән-жайына қатысты кейбір ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін ескертті.
Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылған, – делінген полиция хабарламасынд
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





