Қырғызстанда жыныс ауыстыру операцияларына тыйым салынбақ
Қырғызстанда жынысты ауыстыруға байланысты хирургиялық операцияларға және азаматтық құжаттардағы жыныс туралы мәліметтерді өзгертуге тыйым салу қарастырылып жатыр. Тиісті заң жобасы Жогорку Кенеште бірінші оқылымда мақұлданды,.
Құжат авторларының айтуынша, заң жынысты ауыстыруға бағытталған операцияларды, гормондық терапияны және өзге де медициналық араласуларды шектеуді көздейді. Сондай-ақ азаматтық хал актілерінде және жеке құжаттарда жыныс туралы жазбаларды өзгертуге тыйым салу ұсынылған.
Жобаға сәйкес, мұндай медициналық араласулар тек туа біткен анатомиялық ауытқуларды емдеу жағдайында ғана рұқсат етілуі мүмкін. Ал құжаттарға өзгерістер енгізу дәрігерлік комиссияның қорытындысы мен сот шешімі негізінде жүзеге асуы ықтимал.