Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс қашан сотқа жолданатыны белгілі болды
Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында айтылды.
Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық істің тергелуі жайлы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша тергеу маусым айында аяқталады. Осыдан кейін іс материалдары сотқа жолданады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні болған. Бейнебақылау камераларының жазбасында күдіктінің Нұрайды аңдып жүргені, кейін оған пышақ жарақатын салғаны көрінеді.
13 қаңтар күні күдікті қаладан 10 шақырым жерде ұсталды.