Қоғам

Нью-Делиде 21 адам өрттен ажал құшты

Үндістан астанасы Нью-Делидегі қонақүйдің жертөледегі мейрамханасында шыққан өрт салдарынан кемінде 21 адам көз жұмды.

Өрт жергілікті уақытпен таңғы 08:50 шамасында 5 қабатты қонақүйдің ең төменгі қабатындағы мейрамханадан басталған. Ғимаратта шамамен 40 адам тұрған.

Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Қонақүйде өрт басталған сәтте көбі қалың ұйқыда жатқан.

Құтқарушылар адамды дереу эвакуациялап үлгергенімен, алдын ала деректер бойынша 21 адам қаза тапты.

Өрттің себебі әзірге анықталған жоқ.