Әлеумет

"Баласының ұрығын сақтаған": журналист Үндістанға жол тартты

Руслан Өтепбай маңызды мәлімдеме жасады,

Журналист Руслан Өтепбай маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, биыл 20 сәуірде Қызылорда облысының 16 жастағы тұрғыны Сұңқар Сәбит Үндістан астанасы Делиде қайтыс болған. Ол анасымен бірге аталық безінің қатерлі ісігін емдету үшін шетелге барған. 

Алайда Сұңқар қатерлі ісіктен емес, жүрегіндегі тромбтың жарылуы салдарынан көз жұмыпты. 

Айта кетейік, бұған дейін кенже баласынан айырылған Райхан Мәлікова делдалдарға жем болдым деген еді. 

Қолындағы бар ақшасын берсе де үндістандық дәрігерлер жасөспірімге ем жасап үлгермеген. Сол елде тексерістен өтіп жүрген Сұңқар Сәбит 12 күннен соң көз жұмған. Ал жеткіншекті шетелге алып баруға жәрдемдескен “Мedical travel” компаниясының басшылары марқұмның анасынан бір тиын да алмадық деген.