жұма, 22 қараша, 2024 5:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таулы аудандарда 2 градус үсік жүреді: 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Таулы аудандарда 2 градус үсік жүреді: 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
фото: ашық дереккөз
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" РМК  29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның әсерінен найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Тек республиканың оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ел аумағы бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар