Кипр Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Ресми сапар 2-4 маусымға жоспарланған.
Елімізге Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидис келеді. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту перспективасын талқылайды.
«Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады», — делінген Ақорданың ресми парақшасында.