Руханият

Дариға Бадықова сотта тағы жеңілді: шешім өзгеріссіз қалды

Сот Дариға Бадықованың апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды қорғаған ісі бойынша, Дариға Бадықованың апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмай, тағы да жеңгенін жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Инга Иманбайдың айтуынша, Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған. Инга Иманбай бұл дегеніміз құқықтық позициясының заңды әрі негізді болғанының дәлелі екенін айтты. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтан сұхбат алған еді. Сұхбатта Дархан Мұсаев Дариға Бадықова екеуінің асырап алған баласы жайлы және әйелінің басқа біреумен көңіл қосқаны жайлы сөз қозғаған болатын.