Маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Синоптиктер маусымда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады.
Консультативтік болжамға сәйкес, 2026 жылғы маусымда айлық орташа ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары, республиканың батыс өңірлерінде норма шамасында болады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал елдің батыс пен солтүстік-батыстың жекелеген аудандарында көпжылдық орташа көрсеткіштерден көп болуы ықтимал.
Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша өткінші жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұруы ықтимал, ал Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында кей уақытта қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жекелеген күндері шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі:
Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысында түнде +6+12°С-тан +13+22°С-қа дейін, күндіз +15+25°С-тан +27+32°С-қа дейін;
республиканың оңтүстік-батысында +35°С-қа дейін жоғарылайды.
Ауа температурасының ауытқуы:
Қазақстанның солтүстігінде, Қостанай облысында түнде +11+16°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +28+33°С-қа дейін;
оңтүстігінде түнде +17+25°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +33+40°С қатты ыстықтан +23+31°С-қа дейін;
оңтүстік-шығысында қатты ыстықтың +33+38°С-тан +20+27°С-қа дейін біртіндеп бәсеңдеуі күтіледі.
Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33+39°С-қа дейін жоғарылайды. Алайда онкүндіктің қалған кезеңінде ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+20°С, күндіз +25+33°С шамасында болады деп болжанады.
"Маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде ыстық ауа райы кезең-кезеңімен найзағай, желдің күшеюі байқалатын салқын әрі жаңбырлы күндерге алмасып отырады, ал жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауыл болуы ықтимал", - дейді синоптиктер.
Температуралық фон да тұрақсыз болады:
Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +8+18°С-тан +15+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +35+39°С-қа дейін қатты ыстық, ал орталығында +42°С-қа дейін өте қатты ыстық болады;
оңтүстік жартысында түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +34+40°С-қа дейін қатты ыстық, жекелеген күндері +40+46°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі.