Руханият

"Мен басы бос адамға тұрмысқа шықтым" Жанель Серғазина көпшіліктің сынына жауап берді

Бұл туралы ол "Momsкий әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен отбасын қалай құрғанын айтып, көпшілік арасындағы сынға жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол "Momsкий әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Актрисаның айтуынша, Еркеш Хасенмен танысқан кезде әнші өзін ажырасқан, басы бос адам ретінде таныстырған. Жанель Серғазина оның туыстарымен де кездесіп, бұл ақпараттың рас екенін білгенін айтты."Еркеш "мен ажырастым, басым бос адаммын" деді. Басы бос адам қайта өмір құра алады, үйленеді. Ол адамның жеке құқығы ғой. Мені туыстарымен таныстырды. Олар да ажырасқанын айтты. Содан кейін еркін араластық. Бір-бірімізді жақсы көрген соң отбасын құруға шешім қабылдадық. Мен басы бос адамға тұрмысқа шықтым. Үйленген, баласы бар адамның отбасын бұзды деген сөздер шындыққа жанаспайды", – деді актриса.

Сондай-ақ ол жеке өміріне қатысты қауесеттерді жоққа шығарып, бөтен адамдардың отбасы мәселесіне араласуын мәдениетсіздік деп бағалады.

Айта кетейік, Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина 2024 жылы шаңырақ көтерген. Қазір ерлі-зайыптылар Іңкәр есімді қыз тәрбиелеп отыр.

Алайда актрисаның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, пікірталас тудырды. Желіде оның сөзін қолдамаған пікірлер де жарияланды.