Әлеумет

Астанада үшем 1-сыныпқа қабылданды

Астанада 27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны басталды. Осы орайда елордадағы мектептердің біріне үшем құжат тапсырған.

Әкімдіктің мәліметінше, бір үйдің ұлдары – Күнтуған, Айтуған және Нұртуған Бақыт жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барады.

Балалар Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қазақ тілінде білім алады. 

"Құлыншақтарымыздың қадамдары құтты болып, білім жолында биік белестерді бағындырсын. Елін сүйетін, тәрбиелі әрі білімді азамат болып өссе екен дейміз", - дейді олардың ата-анасы.

Айта кетейік, Астана қаласы бойынша бірінші сыныпқа құжат 27 мамыр-31 тамыз аралығында қабылданады.