Алматыдан Еуропаға жаңа әуе рейсі ашылды
31 мамырдан алматылықтар Польша астанасы Варшава қаласына тікелей ұша алады.
Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа рейсті Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines іске қосады. Әуе рейстері заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады, деп хабарлайды Қазақпарат.