Абай облысында орман өртенді – ТЖМ
Өрт шарпыған аумақ нақтылануда.
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысында орман өрті болғанын хабарланды.
«2024 жылдың 26 сәуірінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалы Дмитриев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы орман өртін анықтады. Өрт орнына 7 өрт сөндіру машинасы мен орман күзетінің 11 адамы шықты. Өрт сөндірілді және алгоритмге сәйкес, Абай облысы ТЖ департаментіне хабар берілді», - дейді министрлік.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен орман шаруашылығынан 36 адам және 9 техника жұмылдырылған. Батпақты жер болғандықтан өрт орнына жету қиындаған.
Қосымша Семей қаласынан облыстық ТЖД 21 адамы және 6 техникасы жіберілген.
Өрт шарпыған аумақ нақтылануда.