Қоғам

"Ақша бопсалаумен айналысқан" жалған полицейлер ұсталды

Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның айтуынша, күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.