Майлин ескерткішіне құрметсіздік көрсеткен бойжеткеннің кім екені анықталды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:35
- 17
Астанада полиция "Қаламгерлер аллеясындағы" Бейімбет Майлиннің ескерткішіне құрметсіздік танытқан бойжеткеннің жеке басын анықтады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып алып, фотосессия жасаған қыздың видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тараған. тараңан болатын. Осы әрекеті арқылы ол мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқан.
Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп жазылған хабарламада.
Полиция мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын еске салып, мәдениет және тарихи мұра нысандарына ұқыпты әрі құрметпен қарауға шақырды. Сондай-ақ ескерткіштерді, мәдениет және тарихи мұра нысандарын қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланатыны және заң аясында, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




