2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының саны белгілі болды
- авторОймақ
- Бүгін, 10:47
- 23
Қазақстан үкіметі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының санын жариялады. Бұл туралы 26 мамыр күні өткен үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, биыл жалпы саны 89 457 мемлекеттік грант бөлінеді:
бакалавриатқа – 75 371 грант;
магистратураға – 11 007 грант;
докторантураға – 3 079 грант қарастырылған.
Ведомство гранттарды бөлу кезінде елдің 2030 жылға дейінгі еңбек нарығына қатысты болжамдарды негізге алғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, алдағы жылдары Қазақстанға 883 мыңнан астам маман қажет болады. Соның шамамен 530 мыңы инженерлік салаға тиесілі. Бұдан бөлек, 185 мың педагог пен 168 мыңға жуық өзге бағыттағы мамандарға сұраныс бар.
Министрлік мәліметінше, бөлінген гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық және аграрлық мамандықтарға бағытталған. Ал 21 пайызы педагогикалық салаларға берілген.
Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл қадам еңбек нарығындағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталғанын айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






