Әлем

Швейцария Украинаға көмектеседі

Швейцария парламенті Украинаға 5,5 млрд доллар бөлуді жақтады. Осылайша бірер күннің ішінде Киевке берілетін көмек көлемі 70 млрд доллардан асып отыр.

Швейцария  парламентінің  қауіпсіздік  комитеті Украинадан бөлек швейцарлық армияға да қаржы бөлуді жақтаған. Швейцарияның  қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қаржы көлемі 10,3 млрд доллар екен. Ал Украинаға бөлінетін  қаржы азаматтық инфрақұрылымды жөндеу мен қайта жаңғыртуға бағытталмақ.

Жалпы Украинаға осы аптада АҚШ 61 млрд доллардан асатын көмек беруге шешім қабылдаған еді. Одан бөлек  АҚШ USAI бағдарламасы бойынша  қосымша 6 млрд  долларлық  қару бермек.