Ресейде 11 жастағы балаға қазақстандық азамат оқ атты
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ұсталған күдікті Айтжан Смағұлов 2021 жылдың сәуір айынан бері «Мариинский театрында» қосалқы труппа құрамында жұмыс істеген.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 38 жастағы Қазақстан тумасы көшеде саксофон ойнап тұрған 11 жастағы балаға терезеден пневматикалық қарумен оқ атты, деп хабарлайды Politico.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.