Шекарадан тауарларды өткізгенде оның қайсысы жеке пайдалануға арналған болып есептеледі және оған қатысты қандай шектеулер бар? Бұл сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті Саудалық емес айналым басқармасының бас сарапшысы Қуат Қалдашев жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz сілтеме жасап.
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасынын Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлардың белгіленген тізімі бар», - деді Қуат Қалдашев комитетте өткен брифингіде.
Сондай-ақ, Кірістер комитетінің өкілі тауарлардың мөлшерлі көлемін атап өтті.
- Аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киім де бар) адам басына 1 заттан аспауы тиіс;
- Ұялы телефон (смартфон) – бір адамға 2 бірлік;
- планшет – бір адамға 2 бірлік;
- портативті тасымалданатын компьютерлер (ноутбук, нэтбук) және олардың керек-жарақтары – бір адамға 1 (бір) бірлік;
- зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 зат;
- велосипед – бiр адамға 1 дана;
- бала арбасы – бiр адамға 1 дана;
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өтуі немесе оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 реттен аспауға тиіс», - деп толықтырды сарапшы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.