Оның айтуынша, оқиға сабақ аяқталған соң, жасөспірім сыныптан шыққан кезде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдің сөзінше, сабақтан кейін ұлын сегіз бала күтіп тұрған. Кейін олардың бірі жасөспірімге арт жағынан шабуыл жасап, қылғындырып, ұра бастаған. Қалғандары жанында тұрып күліп, болған оқиғаны телефонға түсіріп, басқа балалардың араша түсуіне мүмкіндік бермеген.
"Менің балама 15 рет соққы жасаған. Ең сорақысы, менің балам өзін не себепті ұрып-соғып жатқанын толықтай түсінбеген. Буллинг ұрған адам ғана емес. Бұл – үндемей тұрғандар, айдап салғандар, видеоға түсіргендер және топ болып баланы қорлап жатқанын бақылап тұрғандар", – деп жазды оқушының анасы.
Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. Елордалық тәртіп сақшылары оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімді анықтап, полицияға жеткізген. Олар профилактикалық есепке қойылған.
“Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен заңды өкілдердің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді. Кеңес барысында мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын бақылауды күшейту, ата-аналардың бала тәрбиесіне және өз міндеттерін тиісінше орындауына жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ оқушылар мен олардың заңды өкілдері арасында профилактикалық жұмысты жандандыру мәселелері қаралды", – деп мәлімдеді полициядағылар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






