Қоғам

"Айтатын сөз де болмады": Сәрсемалиевтің әкесі ұлымен жүздесті

Ол бұл туралы журналистерге пікір білдірді.

Атыраудағы қайғылы оқиғаға байланысты айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев журналистерге қысқаша пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оның айтуынша, ол ұлымен арнайы ұйымдастырылған кездесу кезінде ғана жүздескен. Алайда әке мен бала арасындағы әңгіме ұзаққа созылмаған.

Самиғолла Сәрсемәлиев кездесудің небәрі бес минутқа жалғасқанын айтты. Сол сәттегі толқыныстан не айтқанын да анық есіне түсіре алмайтынын жеткізді.

Айыпталушының әкесі қазіргі уақытта нақты қорытынды жасауға ерте екенін айтып, сот процесі әлі басталмағанын атап өтті.