Алматыда жігіт попкорнға қақалып, кинотеатрда көз жұмды
Қайғылы оқиға 17 мамырда болған.
Алматыдағы «Forum» сауда-ойын сауық орталығында 29 жастағы жігіт попкорнға қақалып, кинотеатрда көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.
Қайғылы оқиға 17 мамырда болған. Жігіт киноға бұрынғы сыныптасымен бірге келген.
Сеанс алдында жас жігіт попкорн сатып алып, оны жеп жатқанда қақалып қалған. Туыстарының айтуынша, алдымен ол дәретханада құсқан. Алайда, кейін өзін жақсы сезінгенін айтып, серігімен бірге кинозалға кірген.
Кино көріп отырғанда жігіттің жағдайы кенеттен нашарлап кеткен. Ол тамағының жыбырлап жатқанын айтып, кейін жүрегінің қысылғанын жеткізген. Жас жігіт үстіндегі сырт киімін танысына беріп, есінен танып құлаған.
Оқиға куәгерлері дереу көмекке ұмтылып, жедел жәрдем келгенше оны аман алып қалуға тырысқан. Алайда, жігітті құтқару мүмкін болмады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады.