Әлеумет

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы жол апаты бойынша іс сотқа жіберілді

Резонансты түнгі жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған резонансты түнгі жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сот қарауына жіберілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қаза тапқан 29 жастағы Mercedes жүргізушісінің туыстарының заңды мүддесін қорғайтын адвокат Олег Чернов мәлімдеді.

Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

Үш адамның өмірін қиған апат — Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жас жолаушы қыздың қазасы — 21 наурызға қараған түні болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі басқа автокөлікпен көше жарысына қатысқан. Ер адам көлікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарған.