бейсенбі, 21 мамыр, 2026 10:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Салық кодексіне қатысты уәде орындалмай отыр – Бақытжан Базарбек

Салық кодексіне қатысты уәде орындалмай отыр – Бақытжан Базарбек
Мәжіліс
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Ұлттық экономика министрлігінің Салық кодексіне қатысты берген уәделерін орындамағанын айтып, ведомство өкілдерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Палатаның жалпы отырысында депутат жұмыс тобының алдыңғы жиынында айтылған жоспарлардың іс жүзінде орындалмай, мерзімі тағы бір жылға созылып кеткеніне наразылық білдірді.

«Егер мен қателеспесем, басқа сөздеріңізді есімде сақтап қалыппын. Сіздер: «Жарты жыл беріңіздер, 1 қаңтардан бастап Салық кодексі күшіне енеді, біз сіздерге мамыр-маусымда аналитикамен келеміз», – деп айтқансыздар. Мүмкін түзетулермен келерміз деген едіңіздер. Қазір қарасам, не аналитика жоқ, не түзету жоқ. Енді пленарлық отырыста «бізге бір жыл керек» деп отырсыздар», – деді Бақытжан Базарбек министрлік өкілдеріне тікелей қарата.

Оның бұл өткір әрі дәйекті сөзіне Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттың есте сақтау қабілетіне ризашылық білдіріп, «жақсы есіңізде сақтап қалыпсыз» деп мақтау айтты. Депутат өз кезегінде авиаотынды ҚҚС-тан босату арқылы әуе билеттері арзандауы керек екенін, бірақ іс жүзінде бағаның одан сайын өскенін алға тартып, бұл жеңілдіктің нәтижесіз екенін тағы бір мәрте ескертті.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин өз кезегінде министрлік мониторингтен бас тартпайтынын және салықтық кезең аяқталғаннан кейін ғана нақты нәтиже шығатынын түсіндіруге тырысты.

«Иә, әрине, жоспарлап отырмыз. Алдағы күзде сіздердің алдарыңызға заң жобасымен келеміз», — деп жауап берді вице-министр Базарбектің түзетулерге қатысты тікелей сұрағына.

Айта кетейік, биыл мамыр айының басында Салық кодексіне түзетулер екі кезеңмен енгізілетіні, ал алғашқы пакет 1 шілдеге дейін қабылдануы тиіс екені хабарланған болатын. Алайда министрлік пен депутаттар арасындағы түсініспеушілік бұл мерзімдердің өзгеруі мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар