Жамбылда біреудің мүлкін сатқан азаматқа үкім шықты
Сот актілері заңды күшіне енді.
Жамбыл облыстық соты сеніп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу фактісі бойынша азамат С-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бірінші сатыдағы сот сотталушы малшы бола отырып, ақшаға мұқтаж болып, өзінің материалдық жағдайын жақсартуға шешім қабылдағанын анықтады. Жақын арада оған сақтауға сеніп тапсырылған қойларды қайта есептемейтінін ескере отырып, ол бір басына 110 мың теңге тұратын 50 бас қой мен 80 мың теңге тұратын 26 бас жас малды сатқан.
Жәбірленушіге 7,5 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілді. Сотталушы барлық ақшаны иемденіп, жеке мақсатта пайдаланды.
Бірінші сатыдағы сот кінәні мойындауын және сотталушының оң қырынан сипатталуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Т.Рысқұлов аудандық сотының үкімімен оған 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушінің пайдасына барлық материалдық залал өндірілді.
Үкімге аудан прокуроры мен жәбірленуші шағымданып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Апелляциялық алқа іс материалдарын зерттей келе, үкімнің жаза бөлігін өзгертті. Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаның қаулысымен 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі тағайындалған жаза 3 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.
Сот актілері заңды күшіне енді.