Бишімбаев хабарласқан көріпкелден жауап алынып жатыр
Ол өзіне қысым көрсетілуі мүмкін екенінен қорыққан.
Прокурор Айжан Аймағанова көріпкел Ережеповадан жабық режимде жауап алуды сұрады. Ол өзіне қысым көрсетілуі мүмкін екенінен қорыққан.
Екі тараптың адвокаттары оған қарсы шығып, бұған дейінгі куәгерлердің бәрі ашық режимде жауап бергенін айтты.
Судья куәгерге қандай қауіп төніп тұрғаны нақтыланбағандықтан өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Сонымен қатар жауап берушінің жеке деректері қорғалатынын атап өтіп, одан жауап алу кезінде түрі көрсетілмейтінін айтты.
Қазір куәгерден жауап алынып жатыр.