Қоғам

ҰБТ: алғашқы аптада 86 талапкер ереже бұзған

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталғалы бері 41 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, талапкерлердің 57 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа нәтиже 58 баллды құрады. Ал ең жоғары көрсеткіш – 138 балл. Сонымен қатар тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 134 талапкер қатысқан.

ҰБТ барысында ереже бұзған 86 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 46 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылса, тағы 40 адам аудиториядан шығарылған. Бөгде тұлғалардың қатысу дерегі тіркелмеген.

Айта кетейік, негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады.