Қоғам

«Маған ешкім ақша төлеген жоқ»: Айым Алтынбекова орамал тағу себебін түсіндірді.

Блогердің айтуынша, оның дінге келуі де, орамал тағуы да өз еркімен болған. Ол бұл шешімге ешкім ықпал етпегенін айтты.

Танымал блогер Айым Алтынбекова орамал тағуы мен кейін шешуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған пікірлерге танымал подкастта жауап берді.

Сондай-ақ Айым Алтынбекова әлеуметтік желіде өзі туралы түрлі әңгімелер тарағанын айтып, орамал таққаны үшін ақша алды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ол бір кезеңде дінге қатты беріліп кеткенін де жасырмады. Блогердің сөзінше, сол уақытта музыка тыңдау, тойға бару секілді нәрселерден де бас тартқан.

«Орамал тақсаң, адамдар сені “мінсіз” көреді. Бірақ оның бәрі адамның сырт келбетіне байланысты емес. Қазір намазда емеспін, орамал тақпаймын. Бірақ кейде сол кезеңді сағынамын», — деді ол.

Бұдан бөлек, Айым Алтынбекова орамалды шешу туралы шешімді бір жыл бойы ойланғанын айтты. Оның сөзінше, бұл қадамға келу оңай болмаған.