АҚШ-та шоу кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты (видео)
Айдахо штатындағы әуе шоуында екі америкалық жойғыш ұшақ соқтығысты – оқиға трюк орындау кезінде болған.
АҚШ Әскери-теңіз күштері оқиғаның болғанын растады: EA-18 Growler деп аталатын екі жойғыш ұшақ соқтығысқан.
Ведомство өкілінің айтуынша, экипаждың төрт мүшесінің барлығы сәтті катапульта жасап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.
Кейінірек Маунтин-Хоум әуе күштерінің базасы әлеуметтік желіде апат болған жерде өрттің сөндірілгенін және апатқа ұшыраған жойғыш ұшақтардың экипажының жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.