Саясат

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Шет мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап,  Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан әрі табысты болуына тілектестіктерін білдірді.

Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.