Еліміздің басым бөлігінде боран соғады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы Казгидромет мәлім етті.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы Казгидромет мәлім етті.
Қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады.
Синоптиктердің болжамынша, өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.
Ақмола облысының шығысында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Абай облысының батыс және солтүстік, орталық аймақтарында, түнде Қостанай облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 30 м/с дейін қатты жел соғады деген болжам айтылып жатыр.