Илон Маск 6 жастағы ұлын Қытай премьерімен болған іскерлік кездесуге ертіп барған
- авторОймақ
- Бүгін, 10:47
- 24
"Менің ұлым қытай тілін үйреніп жүр", – деп жазды Маск X желісіндегі парақшасында қытай тілінде.
Бұған дейін желі қолданушыларының бірі 54 жастағы Илон Масктың маңызды сапарға 6 жастағы ұлын апарғаны туралы жазба жариялаған болатын. Xinhua News Agency агенттігінің тілшісі Ли Цзэсинь "Трамптың немерелері қытайша үйреніп жүргенін, ал Масктың ұлы қытай нақышындағы киім кигенін" жазды.
"XXI ғасырда қытай мәдениетін қабылдау ең сәнді дүниелердің біріне айналды", – деді қытайлық журналист.
CBS News телеарнасының хабарлауынша, Маск X A-Xii есімді ұлымен бірге Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде өткен Си Цзиньпин мен Трамптың кездесуіне қатысқан.
Euronews жазуынша, Илон Маск ұлын Қытай премьер-министрі Ли Цянмен болған іскерлік кездесуге ертіп барған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Хантавирус тараған лайнердегі жолаушылар өз елдеріне жаппай қайтарылып жатыр
- авторОймақ
- 11 мамыр, 2026





