Саясат

Мемлекет басшысы Ердоғанды «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның арасында сан ғасырлық тарихи сабақтастық бар екеніне тоқталды.