Спорт

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтіп жатыр

Талдықорғандағы ел чемпионатының бәсі жоғары.

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионатының ресми бөлігіне федерация президенті Гаджи Гаджиев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, салтанатты ашылу рәсімінде жақында ғана жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері атанған Әлихан Әскербай мен Ерасыл Сәулебековке ақшалай сыйақы берілді. 

Айта кетейік, үш күннің қорытындысы бойынша 6 салмақта жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.