бейсенбі, 14 мамыр, 2026 9:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды
Фото: Санжар Боқаевтың жеке архивінен
Бұл туралы белсендінің адвокаты Радмир Өтеп мәлімдеді.

Алматы қаласының тергеу соты белсенді Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты. Бұл туралы белсендінің адвокаты Радмир Өтеп мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Қорғаушының айтуынша, сот шешімі бүгін шығарылып, Боқаевтың қамау мерзімі тағы бір айға созылған. Еске сала кетейік, Санжар Боқаев биыл 18 наурызда ұсталып, 21 наурызда сот шешімімен екі айға қамауға алынған болатын.

Бас прокуратураның мәліметінше, Боқаевқа бірнеше ауыр айып тағылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол табысы аз адамдарға ақша беріп, ағаш кескізу және ұрлық жасауға тапсырыс берген. Сондай-ақ, прокуратура оны «аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады» деп айыптауда.

Қазіргі уақытта Санжар Боқаевтың жақтастары тергеу амалдары мен сот процесінің ашық өтуін талап етіп отыр. Белсенді бұған дейін өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар екенін мәлімдеген болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар