бейсенбі, 14 мамыр, 2026 9:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы Түркия президентімен өткен кездесуден фотосурет жариялады

Мемлекет басшысы Түркия президентімен  өткен кездесуден фотосурет жариялады
Сурет: tokayev_online
Президент Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен бейресми кездесу өткізген еді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен резиденцияда өткен бейресми кездесуден сурет салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Фотоға қатысты жазбада Президент:

«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямда өткен емен-жарқын әңгіме сәтінен», – деп жазған.

Айта кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері талқылануда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар