Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар топ мүшелері ұсталды
Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар. Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді.