Бишімбаев неліктен Салтанатты видеоға түсіріп азаптағанын түсіндірді
Бишімбаев неліктен Салтанатты видеоға түсіріп азаптағанын түсіндірді.
Қуандық Бишімбаев сотта неліктен Салтанат Нүкенованы балағаттап, боқауыз сөздермен интимдік сипаттағы сұрақтар қойған видеоны түсіргенін түсіндірді. Бүгін бұл видеолар оның ұялы телефонынан табылып, сотта көрсетілді.
Бұл видеолар 9 қарашада, яғни Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген. Бастапқыда Бишімбаев оларды "монтаж" деп атаса, бірақ кейіннен оларды түсіргенін мойындады. Судьядан неліктен бұлай істегенін сұрағанда, сотталушы "қорлыққа қорлықпен жауап бергісі келгенін” алға тартты.
Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өз кезегінде Нүкенованың беті қан жоса болғанын, соңғы бейнематериалдарда көздері ісіп, аша алмай қалғанына назар аударды. Бұған жауап ретінде Бишімбаев сол сәтте оған өлім қаупін көрмегенін айтуды жалғастырды.
“Мен өлім қаупін көрмедім, оның өміріне қауіп төніп тұр деп ойламадым”, – деді экс-министр сотта.