Саясат

Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтады

Ол Қызылорда облысы әкімі болып тағайындалған еді.

Мәжілістің жалпы отырысында Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты Мәжіліс депутаты мәртебесінен айырылды. Ол бұл лауазымға 2026 жылғы 8 мамырда Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалған болатын.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оның палатадағы жұмысына алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Ергешбаевты Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған еді.