Қоғам

"Сен оның көңілдесі болдың ба?" бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың телефоны тексеріліп жатыр

Сот отырысында басты айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефоны қаралып жатыр

Сот отырысында басты айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефоны қаралып жатыр

Сот отырысы барысында судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонынан суреттер мен видеоларды қарады. Оның сөзінше, видеолардағы уақыт 8-9 қараша күндері деп көрсетілген.

"Ешқандай дәретхана жоқ. Ізде", - дейді видеодағы дауыстың бірінде Бишімбаев Нүкеноваға.

Судья видеоларды қарау барысында Бишімбаевтан Нүкенова еденнен не іздегенін сұрады. Сонымен қатар, Айжан Құлбаеваның айтуынша, видеолардың бәрінде киімсіз, тек қара плащ киген Нүкенова көрінеді.

Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеода оның Нүкенованы бұрынғы қарым-қатынасы үшін айыптағаны, былапыт сөздер айтқаны да естіледі.

Дегенмен сот отырысында Бишімбаев мұның бірде-бірін мойындамады.

"Бұл қандай да бір монтаж, телефонды ашып алып, жүктеп қойған болуы мүмкін", - деп жалтарды ол.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонын суреттер мен видеоларды қарады. Видеода Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өткен өмірін қазбалап, бұрынғы қарым-қатынасы туралы сұрақ қойып жатыр. Бишімбаев 12 видео түсіріп алған. Алайда, айыпталушы бұл видеоларды біреу монтаждап, жібергенін айтты.

Сотта тексеру кезінде Бишімбаевтың телефонының галереясынан 08.04 және 08.24 уақыт белгісі бар бейнефайлдар табылды.

Судьяның айтуынша, видеода Салтанат Нүкенова еденде жорғалап, диванның жанынан бірдеңе іздеп жатыр. Сол сәтте Бишімбаевтың дауысы естіледі:

"Сен онымен бірге болдың ба? Сен оның көңілдесі болдың ба?" деп сұрайды.

Бишімбаевтың өзі қобалжып, жазбаның жалған екенін айтып отыр.

Сондай-ақ, судья Айжан Құлбаева видеода Салтанат Нүкенованың үстінде қара пальто ғана барын айтты.

Жәбірленуші тарапқа бұл видеоларды қарамауға кеңес берілді.