Таным

ТЖМ қазақстандықтарға ауа райына қатысты ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байлынысты ескерту жасады. Алдағы күндері елдің басым бөлігінде жел күшейіп, қар аралас жаңбыр болжануда.

Министрліктің мәліметінше: 

Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында кей уақыттарда жауын-шашын болжанады.

Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кей жерлерде қар аралас жаңбыр болжануда.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі болжанған.

Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман болады.