сейсенбі, 12 мамыр, 2026 9:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құтқарушыларға жаңа пәтер кілттері табысталды

Құтқарушыларға жаңа пәтер кілттері табысталды
Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінде ведомство қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов құтқарушыларға пәтер кілттерін табыс етті.

«Мемлекет басшысының атынан азаматтарымыздың қауіпсіздігі жолындағы кәсібиліктеріңіз, ерліктеріңіз бен күнделікті еңбектеріңіз үшін ризашылық және құрмет белгісі ретінде сіздер пәтер кілттерін алып жатырсыздар. Мемлекет азаматтық қорғау жүйесінің әрбір қызметкерінің үлесін жоғары бағалайды, құтқарушылар мен олардың отбасыларын қолдау жұмыстарын жалғастырады. Құтқарушылар алдағы уақытта да өз міндеттерін абыроймен атқара беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.

Айта кетейік, Өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резервтер комитеттерінің, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, ТЖМ «Қазавиақұтқару» мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтер алды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар