Рудный қаласындағы тасжолда жол апаты болып, Қашар кентіне шығар жолда Mercedes 124 пен Volkswagen Polo көліктері соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір қатысушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала






