Қызылордада "Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс" атты салтанатты шара өтті
Бұл туралы облыс әкімдігі мәлім етті.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлердің қатысуымен "Тағзым алаңында" 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты салтанатты шара өтті.


Салтанатты шарада соғыс қаhармандары құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алауға гүл қойылды.
Еске салайық, соғыс жылдары Қызылорда облысынан 70 мыңнан астам азамат майданға аттанған. Оның 30 мыңнан астамы қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткен, 22 азамат Кеңес Одағының Батыры атанып, 20 мыңнан астам жауынгер түрлі орден-
медальдармен марапатталған.