Қоғам

Суға батқан көліктерді қалай анықтаймыз?

Суға батқан көлікті қалай ажыратуға болады?

Су тасқыны әлі біткен жоқ, ал көлік жүргізушілері базар суға батқан көлікке толып кете ме деп алаңдайды. Ондаған көлік су астында қалып, жүздеген көлік бүлінді. Олар нарыққа шығарыла ма және мұндай көлікті қалай ажыратуға болады? Бұл туралы oimaqnews.kz ақпарат агенттігі Информбюро-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Пономарев көлігін жаңартқысы келеді. Алайда су жаңа көлік алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қайталама нарықтан іздейді. Бірақ батып кеткен көлікті сатып алудан қауіптенеді. Өйткені суға батқан көліктен құтылу үшін иелері басқа аймақтарға тасымалдауы мүмкін. 

"Егер көлік сатуға жақсы дайындалса, оны ажырату қиын. Бірақ ақауларының бәрі кейін шыға бастайды. Ал ол кезде көлікті қайта жөндету қымбатқа түседі", - дейді қарағандылық Александр Пономарев. 

Кейбір сарапшылар қауіп жоқ деп есептейді, өйткені қазір пайдаланылған көлікті сатып алушылар аз. Тағы бірі  суға батқан көліктер нарықтағы бағаның төмендеуіне көмектеседі дейді. Енді біреу мұндай көліктер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа жақтардан да келіп қазірдің өзінде сатылып жатқанын айтады. Олар арзан, бірақ қалпына келтіру құны шамамен көліктің құнымен бірдей.

"Су басқан көлікте міндетті түрде қиындық туындайды. Оларды ең алдымен арзан бағамен немесе нарықтағы бағамен сату керек болады. Әрине, сатушы көліктің су тасқынынан бүлінгенін айта қоймайды", - дейді Рустам Танишпеков. 

Автокөлік сарапшысы Вадим Аскеровтың айтуынша, нарықта суда қалған 5 мыңға дейін көлік пайда болуы мүмкін. Оларды ажырату қиын, бірақ мүмкін. Ол үшін  көліктің қолжетпес тұстарын ашып  қарау керек. 

"Мұндай жағдайда міндетті түрде көліктің ауа өткізгіштеріне, дефлекторларына, кондиционер жүйелеріне  назар аудару керек. Ішінде лай, кір немесе саз бар-жоғын тексеру маңызды. Артқы жағындағы орындық сырғытпаларына назар аударуды ұмытпаңыз. Орындықтардың астында тот, лай іздері болмауы керек",-дейді автосарапшы.

Сондай-ақ, сарапшы көліктің кем дегенде бір есігінің резеңке тығыздағышын шешіп тексеруге кеңес береді. Одан тіпті көліктің қаншалықты суға батқанын анықтауға болады.