Саясат

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.

Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.