Әлем

Владимир Путин америкалық журналистке сұхбат берді

Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонмен кездесті.

Журналистің саясаткерден сұхбат алғанын Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған. Бұл Ресей президентінің Украинда соғыс басталғалы бері батыс  медиасына берген алғашқы сұхбаты.

Д.Песковтың сөзіне қарағанда  сұхбаттың нақты қашан жарияланатыны белгісіз, дегенмен оны журналист жариялауға әзір болған сәтте-ақ жарық көруі мүмкін.

Wall Street Journal-дың жазуына қарағанда Такер Карлсон В.Путинмен 6 ақпанда кездескен болуы ықтимал. Әрі кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылған. Ал сұхбат  АҚШ уақытымен 8 ақпан күні 18.00 де жарық көретіні жайлы журналистің өзі Instagram  аккаунтында хабарлады. Бұл  Астана  уақытымен 9 ақпан күнгі  сағат 05.00-ге сәйкес келеді.

Такер Карлсонның  интервью туралы  алдын ала жариялаған  хабарландыруы  Х платформасында 80 млн-нан астам қаралым жинады.  Платформа иесі Илон Маск  журналистің аккаунтын бұғаттамайтынын да мәлімдеп үлгерді.

Такер Карлсон әсіреоңшыл көзқарастарымен танылған журналист. Ол АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампты жақтаушы ретінде танылған. Бұрын Fox телеарнасында  жүргізуші болып қызмет істеген Такер Карлсон Украина президенті В.Зеленскийден де сұхбат алығсы келетінін, Украина басшысына арнайы өтініш жолдағанын мәлімдеген еді.

Oimaqnews