Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путиннің “сенімсіз адам” екенін және украиндар Ресей Федерациясына берілмейтінін айтты.
Бұл туралы Зеленский бразилиялық журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
“Маған сеніңіз, Путин бізден қатты қорқады, мен оған сенімдімін. Өйткені ол өзіне сенімсіз адам. Үлкен армиясы бар, үлкен мемлекеті бар сенімді адамдар әлемді ядролық қарумен қорқытпайды, ержүрек адамдар өркениетке, Жердің тіршілігіне, барша тіршілік иелеріне ядролық қарумен қауіп төндірмейді. Сондықтан мен үшін бұл "түрдің" психотипі анық. Осыны түсіне отырып, біз өз ұстанымымызға берік болуымыз керек”, – дейді ол.
Украина президенті өз елінің Еуропалық Одаққа кіру жоспарынан бас тартпайтынын атап өтеді. Бұған қоса, ол Украинаның шегінуге бармайтынына жеткізді.
“Путин үшін – жеңіс басқа халықтар мен басқа да тәуелсіз елдерді жою арқылы Кеңес Одағын қалпына келтіру деген сөз. Сондықтан Украина ешқайда шегінбейді. Көрейік, бізде тиісті технологиялар бар, біз серіктестерден жеткізілім болуы үшін күресіп жатырмыз. Барлығы оңай емес, эйфория жоқ. Бірақ ешкім қол қусырып отырмайды”, – дейді Зеленский.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Орал: Су тасқынының шарықтау шегі әлі алда
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024