Меруерт Өтекешова 34 жасында қайтыс болып кеткен жалғыз ұлын сағынып, жылады (ВИДЕО)
- авторОймақ
- Бүгін, 12:15
- 12
Бұл туралы ол Майя Бекбаеваға берген сұхбатында мәлімдеді.
«Ұлым бала кезінен ауырды. 34 жаста еді. Үйленуге бекініп жүрген. Осының бәрінен кейін терең жара қалады. Күйзеліс бәрінен де қатты. Бірақ мен барлығын түсінемін. Менің болмысымда әлсіздік көрсету жоқ. Әрі қарай ойландым. Менің қыздарым мен немерелерім бар. Оларға қамқорлық көрсетуім керек. Менің көмегім, мейірімділігім жақындарыма керек. Әсіресе қазір. Өзімнің қайсарлығымды қосып, өзіме монолог оқып, өмір сүруді жалғастырамын. Ештеңеге қарамай жұмыс істеп, алға жылжи беремін», — деді аңыз актриса.
Меруерт Өтекешованың сөзінше, кіші қызы Томирис ағасының қазасынан кейін есеңгіреп, біразға дейін өзіне келе алмай жүрген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





